Бұл – Тарбағатай тауының теріскей етегіндегі Ойшілік ауылы. Семейден 430 шақырым. Ауылдық округтің екі мыңға жуық тұрғыны, 5 елдімекені бар. Әлеуметтік нысандардың есебі түгел. Бетегесі белден келетін, жусан иісі аңқыған, қыры мен қыратына құт қонған Ойшіліктегі ағайын да «Қаладан - ауылға» бағдарламасын қолдап отыр.