Қоғамдық орындағы тәртіп пен жолдағы қауіпсіздік - күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Жүргізушілердің немқұрайлығы салдарынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жаңа шаралар қолға алынуда. Елімізде тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдететін заманауи бақылау жүйесі орнатылып жатыр. Енді кез келген ереже бұзушылық автоматты түрде тіркеліп, тиісті шара қолданылмақ.