Жалпыхалықтық референдумға санаулы күндер қалды. Өңірде еңбек ұжымдарын ақпараттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осындай кездесулердің бірі Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде өтті. Өңірлік коалиция өкілдері ұжыммен жүздесіп, жаңа Конституция жайлы айтты.