Жаңасемей ауданының Абыралы ауылына көш басталды. Келген жастарға баспана да, жұмыс та дайын. Алғашқылары еңбекке білек түре кірісіп те кетті. Ауыл азаматтары Абыралыны сақтап қалудың қарекетінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруда. Көшіп келуге ниеті барларға үй беріп, отын – суын қамдап, тіпті, алдына малын да салып береді.