Абай облысында «38» атты көркем фильм түсіріліп жатыр. Бұл кино туынды орманмен бірге өмір сүріп, табиғатты қорғауға бар күшін салып жүрген орманшылар туралы. Фильмде ағаштың қадірі мен табиғатқа деген жауапкершілік көрініс табады. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ықпалымен іске асуда. Түсірілім алаңынан тілшіміз жалғастырсын.

 «38» фильмі орманды қорғайтын жандардың күнделікті қызметі мен олардың күрделі тағдырын баяндайды. Орманға күтім жасау, ағаш отырғызу, оны өрттен сақтау бұл өте ауыр әрі маңызды жұмыс. Фильмде басты рөлдерде елімізге белгілі актерлер ойнайды. Түсірілім Абай облысының ормандарында, Семей қаласында және арнайы жабдықталған алаңдарда жүргізілуде.

НҰРЖІГІТ ХАЙДАР- «38» ФИЛЬМІНІҢ СЦЕНАРИСТІ
Жалпы біздің жоба 38 деп аталады. Бұл жұмыстық атауы. Ең алдымен айтып кететін дүние бұл Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсіріліп жатқан жоба. Біз арнайы пичингтен өтіп, жеңіп алғанбыз бір жыл бұрын. Биыл міне түсірілімге кірістік. Қазір түсрілім жұмыстары жүріп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін штаб сахнасын түсіріп жатырмыз. Бұл жерде 200-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр.
ТӨРЕБЕК БЕЙСЕБАЕВ- «38» ФИЛЬМІНІҢ ҚОЮШЫ РЕЖИССЕРІ
Бұл фильмді біз осы жылдың январь нан бастап дайындық үстінде болдық. Түсіріп жатқанымызға 1 уақыт болды. Құдай қаласа соңғы жағына келіп қалдық. 4-5 күн орманның өртін түсіреміз. Қалған основной моменттерін түсірдік. Бұл фильмнің шығуына ат салысқан Мақсат деген осында орман шаруашылығында жұмыс істеген кісі бар.0200+++ 0211 Солардың жұмыстарын көрсетейік, орманшылардың жұмысы ауыр өте, бағаланбайды деген ой айтты. Біз оны іліп, әрі қарай сценарий жазып, қазіргі таңда түсіріп жатырмыз

Фильмнің идея авторы Мақсат Жұмаханов. Оқиға орманшы Мараттың өмірі арқылы өрбиді. Бұл кейіпкердің рөлін Асан Мажит сомдайды. Марат үшін от пен отбасы, міндет арасында қиын таңдау тұрады. Фильмде орман қызметкерлерінің өмірі мен олардың әр күнгі жауапты ісі ғана емес, табиғатқа төнетін қауіпке қарсы күрестегі жанқиярлық еңбектері көрініс табады. Фильмде Алмат Сақатов Ғани атты орман шаруашылығы бөлімінің жауапты қызметкерін, ал Алтыншаш Шаяхметова оның жұбайын ойнайды. Түсірілімге кәсіби актерлерден бөлек, жергілікті тұрғындар да қатысып, өздерін жаңа қырынан танып жатыр.

АЛМАТ САҚАТОВ- АКТЕР
Бұл кино сол ата-бабамыздан қалған мұра, ата-бабамыздан қалған жер, ата-бабамыздан қалған табиғатты қорғайтын адамдар жайындағы бір әңгіме. Мен сол әңгіменің ішіндегі соларды басқаратын бір кішігірім бастықтың рөлін сомдаймын Мен рөлімде мінезі қаталдау, жұмысқа дұрыс қарасын деген. расындада өз туған жерін ойлайтын адамның образы менде
АЛТЫНШАШ ШАЯХМЕТОВА-АКТЕР
Еліміздің қаһармандары туралы көбірек кино түсірілгені өте жақсы деп ойлаймын. Менің рөлім туралы айтатын болсақ басты кейіпкердің әйелі, жұбайы. Яғни Ғани деген кейіпкеріміз бар басты рөлдегі Жалпы алғанда жақсы болып жатыр. Көріп тұрғаныңыздай өте сондай бір ауқымды, үлкен проект болып жатыр. Біздің сахналарымыздың көбісі қалада болды. Бүгін осы орман жаққа келіп ең күрделі сахналардың бірін түсіріп жатырмыз

 «38» фильмінің түсіріліміне 200-ден астам адам жұмылдырылды. Түсірілім алаңында актерлермен қатар төтенше жағдайлар, полиция, жедел-жәрдем қызметкерлері және жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысуда. Фильм орманшылардың көрінбейтін ауыр еңбегі арқылы табиғатты қорғау – ұрпақ алдындағы қасиетті борыш екенін ұғындыруды көздейді. Көркемфильм келесі жылы көрерменге жол тартады.


А.ӘЛИХАНОВА