Бесқарағай ауданының әкімі болып Ділдар Қалихан сайланды. 29 наурыз күні Бесқарағай ауданында тұңғыш рет аудан әкімі сайланғанын айта кету керек. Дауыс беруге 7 мыңнан астам сайлаушы қатысты. Аудан активіне жаңа әкімді облыс әкімі Берік Уәли таныстырды. Облыс әкімі жаңа сайланған әкімге ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына жаңа міндеттер жүктеді.