Семей қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Достық үйінің ұйымдастыруымен 68303 әскери бөліміне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара Наурызнама аясында ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен әскери қызметшілер мен қоғам өкілдері арасындағы достықты нығайтуға арналды. Көрермендер назарына ұлттық билер, патриоттық әндер мен шығармашылық нөмірлерден тұратын концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік кеш бірлік пен жылылыққа толы ерекше көңіл-күй сыйлады.