Абай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, ереже бұзушылықтың алдын алуға қатысты 5 мәселе қаралды. Олардың қатарында облыстағы мемлекеттік мекемелердегі жұмыс уақытының сақталуына жүргізілген мониторинг, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни ақпараттарға жүргізілген талдау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өткен жылғы жұмысы, Абай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылғы жұмыстарының қорытындысы бар. «Семей Су арнасы» мекемесінің атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралды. 700-ге жуық адам жұмыс жасайтын кәсіпорында мемлекет қаржысының дұрыс бағытта жұмсалуы қадағаланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл қойылды. Кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы есептеуде қаржы жымқырылғаны анықталды. 102,5 млн теңге шығын келген. Оның 68 млн теңгесі бюджетке өндірілді.