Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығының мамандары Түркиядағы жетекші медициналық орталықтардың бірінде тағылымдамадан өтті. Оқу сапары облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Білім беру екі кезеңде өтті және онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологияларын енгізуге, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды