Тұрғындар ел келешегіне қатысты маңызды науқанға қатысып, өз таңдауын жасауда. Ақсуат ауданының тұрғындары да белсенділік танытып жатыр. Аудандағы 23 референдум учаскесінде 149 комиссия мүшесі жұмыс жасауда. Тізімге 11239 дауыс беруші тіркелген. Дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған.