Абай ауданында республикалық референдумға байланысты барлығы 13 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның бірі жабық учаске. Ауданда 8007 дауыс беруші тіркелген. Оның 109-ы саяси науқанға алғаш рет қатысатындар. Жалпыхалықтық референдумға қатысуға азаматтық борышым жетеледі, -дейді ақын, қоғам қайраткері Төлеген Жанғалиев.