Абай облысында халықтың референдумға қатысу белсенділігі жоғары. Таңғы сағат 7-ден ашылған учаскелерге тұрғындар үздіксіз келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Облыс бойынша дауыс беруге құқығы бар 400 мың 151 азамат тіркелген. 465 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, таңғы уақыттан бастап-ақ халық толассыз келіп жатыр. Қазір тікелей байланысқа №93 референдум учаскесінен әріптесім Ерзат Жанатұлы байланыста.