Үржар ауданында 1 аумақтық референдум комиссиясы және 43 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Үржар ауданында референдум белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, сайлау учаскелерінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Барлық учаскелерде дауыс берудің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сайлау комиссияларының құрамында 301 комиссия мүшесі қызмет атқаруда. Үржар ауданында жалпы халық саны – 40 186 адам, оның ішінде 25 724 азамат дауыс беру құқығына ие. Референдум күні барлық учаскелерде дауыс беру процесі белгіленген уақыт бойынша жүріп жатыр.