Семейде ұлы ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада ұйымдастырылған рухани додаға өңірдің бірнеше ауданынан келген жасөспірімдер қатысып, ақын өлеңдерін жатқа оқып, сахналық шеберліктерін көрсетті