Биыл Наурыз мейрамы жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі аясында әзірленген бағдарламалар жоспарына сәйкес атап өтіледі. Бүгін Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Ал онкүндіктің бастауындағы Амал мерекесіне орай Қарағайлыдағы республика алаңында «Семей көктемі» фестивалі ұйымдастырылды.