Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың алғашқы хабаршысы. Амал келгенде амандық білісу көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат алған. Мерекені жармалықтар да жарасымды атап өтті. Шар қаласында қазақ күресінен «Жарма барысы» ұйымдастырылды. Айдан аман, жылдан есен шыққан ел-жұрт амал мерекесінде қауышты.