Бүгін Рамазан айының соңғы күні. Рамазан - құлшылық пен сабыр, береке мен бiрлiк, мейiрiм мен қайырымдылық айы болса, осы қасиетті айдың аяқталғанын айғақтайтын Ораза айт мейрамы - жер бетіндегі барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті ұлық мереке. Ертең елімізде Ораза айт мерекесі басталады. Абай облысында айт намазы таңғы сағат 7:00-де басталады.