Абай облысында әлеуметтік қолдау күшейіп, қызметтер цифрландырылып жатыр. Әсіресе медициналық-әлеуметтік сараптаманы дамыту, қызметтердің қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл туралы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.