Абай облысында көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр. Өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы - 2 мың 176 шақырым. Оның 1 мың 948 шақырымына «ҚАЖсервис» мекемесінің филиалы жауапты. Жол бойында 85 көпір мен 1 мың 336 су өткізгіш құбыр бар. Мамандар 17 қауіпті учаскені бақылауға алып, оның 11-інде су толу қаупі барын анықтаған. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 7 апаттық бригада құрылып, 71 арнайы техника дайын тұр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының мамандары күре жолдардың бойындағы қауіпті учаскелерді бақылауға алды. Су тасқыны қаупі бар 112 су өткізгіш құбыр толық тазартылып, қауіпті бағыттарға қиыршық тас төселді.