Жасанды интеллект бүгінде қоғам өмірінің барлық саласына қарқынды еніп келеді. Мемлекет басшысы биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы да осы бағыттағы стратегиялық басымдықты айқындайды. Бүгінде нейрожелілер мұғалімдерге сабақ дайындауда және оқушылар үшін сабақтарды неғұрлым көрнекі әрі қызықты өткізуге көмектесуде.