Кешегі өткен «Жайық келіп Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс Абай облысының жеңісімен аяқталды. Бұл айтыс бұрынғыдан өзгерек. Дүлдүлдер сынға түскен дүбірлі додада сүре-айтыс, түре-айтыс, қайым-айтыс һәм қызбен жігіттің айтысы да қамтылды. Абай облысының намысын қыз-жігіт айтысында Әсем Ережеқызы, қайым айтыста Нұржан Өмірбай, сүре айтыста Айбек Жеңісқазин, түре айтыста Қуандық Кенжебекұлы қорғады. Одан бөлек, жыршы Қайрат Қабышев, термеші Клара Төленбаева, дәстүрлі әнші Диас Мұратхан мен күйші Дарын Құдайбергенов өнер көрсетті. Кілең кіл мықтылар кездескен сайыста жалпы қорытынды бойынша Абай облысының құрамасы Батыс Қазақстан облысын 158:157 есебімен ұтып, 1 ұпай басымдықпен жеңіске жетіп, жобаның келесі кезеңіне жолдама алды