Әлихан Бөкейхан университетінде білім алушылардың XVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Биылғы басқосу «NextGen – ғылым жастар көзқарасымен: жасанды интеллект және пәнаралық шешімдер» тақырыбына арналды. Конференция Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай өткізіліп, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталды. Қатысушылар пәнаралық зерттеулерді дамыту мен жасанды интеллектті түрлі салаларда қолдану мүмкіндіктерін талқылады.