Микро және шағын бизнес субъектілері салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда онда оған есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Егер кәсіпкер 1 қаңтарға дейінгі салық қарызын 31 наурызға дейін толық өтесе, оған салынған барлық өсімпұл мен айыппұл жойылады. Сонымен қатар, төленбеген қосымша құн салығы және басқа да бюджеттік айыппұлдар да есептен шығуы мүмкін. Бұл процесс мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялардың дербес шоттарды тексеру арқылы жүзеге асырылады.