Сарбаздар әскерге аттанды 30.03.2026 15:03 Семей қаласында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Жиырмаға жуық жас жігіт енді еліміздің шекара қызметі қатарында Отан алдындағы борыштарын өтейтін болады.