Бүгін Халықаралық театр күні. Осы күні Абай облысында театр өнерін дамытуға бағытталған маңызды бастама жүзеге асты. Өңірде жоғары көркемдік кеңес құрылып, оның мүшелері бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.