Абай облысының орталығында жер ресурстарын басқару және қалалық аумақты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2025 жыл стратегиялық маңызды кезеңге айналды деуге болады. Жаңа бас жоспар бекітіліп, бюджет түсімдері болжамды көрсеткіштерден едәуір асып түсті. Бұл жайлы аумақтық коммуникациялар орталығындағы баспасөз конференциясында айтылды.