Семейлік оқушылар 50 робот жасап шығарды. Облыс аудандары мен қалаларынан жиналған жас өнертапқыштар Robotek Grand Tournament чемпионатында өз жобаларын таныстырып, техникалық шеберліктерін ортаға салды. Жобалардың алуан түрлілігі – жарыстың басты ерекшелігі болды. Роботтар әр оқушының нақты тапсырмаларын орындауға бейімделген.