Семейде «Абай жұлдызы» халықтық инста-премиясы бастау алды. Бұл - әлеуметтік желілерде, әсіресе, Instagram алаңында түрлі салада белсенділік танытып, қаланың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жарқын тұлғаларды анықтап, оларға алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылған жоба.

«Абай жұлдызы» – айналасына шабыт сыйлап, қоғамда оң өзгерістерге ұйытқы болған жандарға көрсетілетін ерекше құрмет пен қолдаудың символы. Марапат – жаңашылдық пен белсенділікке, еңбекқорлық пен ізгілікке берілетін шынайы баға.

ШОЛПАН МОЛДАҒАЛИЕВА – ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Полуфиналистер 200-ден астам адамдар, бүгін 160 адам тіркелген. Олар өздерін көрсетіп жатыр. Бірініші біздің мақсатымыз өзіміздің қаламызда қай жұмыспен айналысады, қай өнермен айналысады, қандай жақсы талантты адамдар бар соны көрсетуіміз керек. Өйткені, бір-бірімізбен қатты жақын тұрсақ та, бір-бірімізді білмейміз. Өз талантты адамдарды білмейміз. Елдер сұрайды қай жерде тістерімізді емдеуге болады және де қандай фотографтар жақсы, қандай мұғалімдер жақсы, қандай би студиялары жақсы. Сондықтан міне, халық өзі сайлады.

Халық таңдауының бастамасышы – блогер, әрі қоғам белсендісі Ботакөз Құнанбаева. Жобаның жүзеге асуына Семей қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Өзге де демеушілер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруда.

БОТАКӨЗ ҚҰНАНБАЕВА – ИНСТА-ПРЕМИЯ ЖОБАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
«Абай жұлдызы» атты инста-премия жобасының презентациясы өтіп жатыр. Бүкіл номинанттар өздерін таныстыруға шықты. Инста-премия дегеніміз ол біздің қаламыздағы ең үздік лучших из лучших выбирем дейді ғой, народная голосование. Сол барлығымыз атсалысып бүгін үлкен мерейтой жасап жатырмыз.

Инста-премия кәсіпкерлерге, мәдениет пен спорт саласының өкілдеріне деген жұртшылықтың қызығушылығын арттыру арқылы қаланың қоғамдық және зияткерлік әлеуетін көтеруді көздейді. Еліміздің жарқын болашағына үлес қосып жүрген жастарды қолдауға арналған жоба деуге болады. Биылғы премия 50 номинацияны қамтиды. Негізгі бағыттар: ғылым және білім, мәдениет және өнер ,әлеуметтік бастамалар және еріктілік, бизнес және инновациялар, медиа және блогинг, спорт және денсаулық, экология және тұрақты даму.

АЙГҮЛ СЕРІКБЕКОВА – 7 ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Біз 34 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетеміз. Бізде емнің барлық түрлері бар. Біз бүгінгі таңда инста премия байқауына қатысып, ең үздіктердің бірі болып тұрмыз. Инста премия байқауына үлкен рахмет. «Абай жұлдызы» болып, біз емханамызды одан әрі дамытып, емханамызды жақсы жағынан көрсетуге үлкен мүмкіндік.

Бірінші кезең - онлайн дауыс беру. Ол әлеуметтік желілер мен премияның ресми платформасында жүзеге асады. Пайдаланушылар әр номинация бойынша өз таңдаған үміткерлеріне дауыс бере алады. Екінші кезең - офлайн дауыс беру және қазылар алқасының жұмысы. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты түрде өткізіліп, жеңімпаздарға «Абай жұлдызы» статуэткасы мен арнайы диплом табысталады. Марапаттау рәсімі – алдағы қазан айында.

ЖАННА МАУКЕНОВА – ПСИХОЛОГ
Мен Instagram премиясында «Жылдың психологы» номинациясы бойынша үміткермін. Өте ризамын өз оқырмандарыма, клиенттерге, және мені қолдап, маған сенетін туған-туыстарыма. Бүгінде психология менің миссияма айналды, клиенттерімді қабылдап, бұл іспен қуана айналысамын. Бүгінгі мерекеден барлығыңыз ләззат алып, есте қаларлықтай әсер алуларыңызға тілектеспін.

«Абай жұлдызын» - қаладағы түрлі сала өкілдерін ортақ арнаға тоғыстырған жоба ретінде айтуға болады.


АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА