Бүгін Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды. Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Әріптесім Ерзат Жанатұлы тарқатсын.

Пациенттерді қолдау қызметі бұл мекемеде бұған дейін де болған. Бірақ, 4-қабатта. Енді қайта жарақтап, 1-қабаттан, қабылдау бөлімінің жанынан ашылды. Мұнда сырқатына ем іздеп келгендерге кеңес беріледі, шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайды, науқастардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Қандай да бір мәселесі болса, жедел шешіп беруге тырысады.


ӘДІЛЕТ ҚАМБАРБАЕВ – ЖМЖА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Жылына 40 мың, 40 мыңдай адамдар жүгінетін орын. Яғни, соның 39 пайызы біздің ауруханамызға статционарлық емге жатқызылады. Стационарлық емге жатқызылмаған науқастар да шағымдар болуы мүмкін., сұрақтар болуы мүмкін. Соларға нақты сұрақтарына жауап және де кәсіби деңгейде түсіндіру өте маңызды деп білеміз.


Министр мекеменің жұмысымен танысты. Жедел медициналық ауруханасы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен салынған. 20 клиникалық бөлімшеде 375 төсек-орын бар. Заманауи гибридті операция залы да осында. Әттеген-ай дейтін тұсы да жоқ емес. Салынғалы жертөлесі суға толады. Қабырғалары да қақырап тұр. Жөндеу басталды мұнда. Министр жергілікті әкімдікпен бірлесіп, мәселені шешеміз деп отыр.


АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Иә, өте күрделі жағдай екен. Себебі, осы аурухана іске қосылғалы бері бұл мәселе шешілмей келе жатыр екен. Бүгінгі таңда тиісті құжаттары әзірленіп, 1 млрд. жуық қаражатты талап ететін жұмыстар. Облыс әкімімен сөйлестік. Республикалық немесе облыстық резервтен бөлу, себебі бұл енді төтенше жағдай деп айтуға болады. Себебі, бұл жерде енді ішіндегі құрал – жабдықтар, ішіндегі жұмыс жасап жатқан азаматтарға да бұл өте қауіпті. Сондықтан, соның бірден-бір себебі деп білемін, қабырғаларының сөгіліп жатқаны. Әрине, биылғы жылы 500 млн. теңгенің көлемінде қаражатты талап етеді. Облыс болғалы, мұнда еміне дауа іздеп келетіндер де едәуір артқан. Облыста нейро-инсультік орталық осында ғана бар.


АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Бүгінгі таңда университеттің көтеріп отырған бір-екі проблемасы – медициналық қызметтерді әрі жетілдіру үшін нейро – инсульттік қосымша бөлімше ашу. Себебі, бүгінгі таңда бар бөлімше осы ауруханада орналасқан. Тапшы болып отыр. Тиісті ғимарат негізі университеттің маңындағы алаңда бар. Бірақ, облыс әкімшіліктің коммуналдық меншігі болып табылады. Осыған байланысты облыс әкімімен сөйлестік. Университет өз тарапынан компьтерлік тамогроф алуға қаражат бөледі және де капиталдық ремонтты жасайды. Мамандары бар. Бізге тек қана осы коммуналдық мекеменің 1 300 шаршы метр алаңы бар. Соны балансқа беру. Ол университеттің қарамағында, қасындағы ғимараттарда тұр. Тиісті шешімін, жаңағы оң шешімін біз алдық. Сондықтан, университет бүгіннен бастап, осы жұмысқа кіріседі.


Нейро-инсульттік бөлімше үшін облыстық әкімдік ғимарат беретін болды. Университет жөндеуден өткізіп, емдеу бөлімі күзде пайдалануға берілмек.