Абай облысында мал шаруашылығын дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған агробизнес өкілдері, фермерлер мен сарапшылар үшін KMF және KMF-Демеу ұйымдастырған ауқымды агрофорум өтті.
Агрофорум-бұл тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаңдар ғана емес, сонымен қатар фермерлермен кездесу, олардың нақты қажеттіліктерін түсіну және отандық өнімдерді нарыққа бейімдеу мүмкіндігі. KMF ауылдық клиенттерінің 40% - дан астамы аграрлық салада жұмыс істейді. Сондықтан KMF және KMF-Демеу тек қаржылық және білім беру серіктесі ғана емес, сонымен қатар салалық диалогтың бір бөлігі болуға басымдық береді. Сондықтан осы агрофорумға ұйымдастырушылар ауыл шаруашылығы саласында үлкен тәжірибесі бар спикерлерді тартып, өзекті ақпаратпен бөлісті.
БЕКЗАТ ТӨРЕГЕЛДИЕВ-АГРОНОМ, ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПШЫ
Бұл форумда осы регионның өте маңызды тақырыбы талқыланды, ол: мал шаруашылығын қалай тиімді қолдану, жаңа технологияларды қалай қолдану, жергілікті эко-климаттық жағдайда қандай іс-шараларды жүргізу бойынша өте маңызды тақырыптарды спикерлеріміз талдап өтті.
Айта кету керек, бұл KMF және KMF-Демеу Қазақстан өңірлерінде өткізген 6-шы форум. Сондықтан Абай облысының фермерлері осы агрофорумға қызығушылық танытты, оларды өнімділікті арттыру, цифрлық шешімдерді енгізу, білімге қол жеткізу, сондай-ақ климаттың өзгеруіне төзімділік мәселелері алаңдатады. Ал KMF және KMF-Демеу-шағын кәсіпкерлерді, оның ішінде фермерлерді ыңғайлы және қолжетімді шешімдермен жан-жақты қолдайды. Фермерлер цифрлық құралдарды меңгеріп, саланы дамыту үшін қаржыландыруды ғана емес, білімдіерін толықтыруға тырысады.
ТАЛАНТ СЕРІКБЕКОВ-ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДАҒЫ KMF БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ
Соңғы екі жылдың ішінде – Мүмкіндік беріп отыр. Жайлау онлайн – Анықтама алуға болады 01:41
Форум тәжірибелі фермерлерді жинады, олар үшін мал шаруашылығы жай бизнес емес, маңызды міндет, жауапкершілік. Олар өз кәсіптерін дамытып қана қоймай, мал шаруашылығына дұрыс, жауапты көзқарас идеяларын белсенді түрде насихаттайды.
ДАНИЯР ӘБИТАЕВ-ФЕРМЕР-БЛОГЕР
Егер жұмыс топтары бар фермерлер үлкен мақсаттарға жету үшін біріксе бұл осындай іс-шаралардың арқасында мүмкін болады. Яғни, ертең халықаралық деңгейге шығу үшін азық-түлік өндіретін кооперативтер үлкен ұжым болып, қуатты арттыру керек болар.
Сапалы түпкілікті өнімге қол жеткізу үшін жұмыстың әр кезеңіне мұқият болу керек және әртүрлі жағдайларға бейімделуге дайын болу қажет. Бұл жолда фермерлерге қолдау керек - сондықтан KMF және KMF-Демеу кәсіпкерлерге мал шаруашылығын дамытудың барлық кезеңдерінде: алғашқы қадамдардан бастап бизнесті өркендетуге қолдау білдіреді.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА