«Таза Қазақстан» бағдарламасымен Абай облысында жалпыөңірлік тазалық акциясы басталды. Семей қаласында өткен сенбілікке облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Аймақ басшысы 4 сәуірде облыс тұрғындарына арнайы үндэу жасап, жалпыөңірлік тазалық акциясы басталатынын жариялаған еді. Облыс орталығында өткен сенбілікте аймақ басшысы тазалық акциясы жыл бойы жалғасатынын атап өтті.

Сенбілікке оқу орындарының студенттері, шағын және орта бизнес нысандарының өкілдері қатысты. Қоғамдық және жастар ұйымдары да қалыс қалмай, аймақтағы тұрғындар да белсенді атсалысты. Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың өкілдері де облыс әкімінің үндеуіне нақты іспен үлес қосуда.

Талғат Мұратов - Семей қаласының әкімі

Құрметти жерлестер! Кеше, алдыңғы күні облыс әкіміміз Берік Уәлиұлы жақсы бір үндеу жіберіп, бүгін сөзді, ол кісінің сөзін қалдырмай алғашқы сенбілікті өзіміз өткізіп жатырмыз. Жалпы, қаланың тұрығындарын, облыс тұрғындарын соған шақырамыз. Жалпы, қала, облыс бойынша бәрін, тазалықты сақтау керек.

Семейдегі жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысты. 1 000 текше метрден астам қоқыс полигонға шығарылды. Тазалық жұмысынан халық қалаулыры да қалыс қалған жоқ.

Анжела Маслова – облыстық мәслихат депутаты

Бүгін әріптестерім, облыстық мәслихат депутаты бірге облыс әкіми Берик Уәлиұлының бастамасын қолдауға шықтық. Баршаңызды бізге қосылуға шақырамын. Әр сенбі сайын сенбілікке шығамыз, қаламыздың әр аумағын барынша тазартуға тырысамыз. Осылайша біз өскелең ұрпаққа үлгі боламыз. Мұнда біздің балаларымыз, ата-аналарымыз тұрады. Әрине, таза қалада өмір сүру бәрімізге жақсы. Біздің ортақ міндетіміз - қазір қаланы бірлесіп тазарту. Сондықтан, бірге қосылыңыздар!

Рафал Хазипов – облыстық мәслихат депутаты

Бүгін біз барлық депутат корпусы болып жалпықалалық сенбілікке шықтық. Облыс әкіминің қала тұрғындарына жасаған үндеуі уақтылы болды. Тазалықты сақтау әдет болып қалыптасуы керек. Шаһар тазалығы біздің мәдениетіміздің көрсеткіші. Сондай-ақ біздің Қазақстанның мәдени астанасы екенімізді байқатады.

Сенбілікте тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығы ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда да маңызы зор. Мақаншы ауданында тазалақ жұмысына 3 мың адам қатысып, 2 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Ал Бесқарағайда ауыл көшелері тазартылды. Көкпектіде сенбілік шалғай ауылдарда ұйымдастырылды. Абай, Аягөз аудандары мен Курчатов қаласында да сенбілікке шыққан адамның қарасы қалың болды.

Ерзат Жанатұлы