Абай облысының әкімі Берік Уәлидің аудандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы Бесқарағай ауданына барған аймақ басшысы бірнеше ауылды аралап, әлеуметтік маңызы бар нысандардың бүгінгі жайымен танысты. Олардың қатарында мектеп, медициналық пункт, шекара бекеті, асыл тұқымды шаруа қожалығы бар. Сапар аясында әкімге ауданда жоспарланып отырған әлеуметтік-инвестициялық жобалар таныстырылды.
Аймақ басшысының алдымен аялдаған жері - «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынған мектеп болды. Құрылысы толық аяқталған нысанда бір мәселе бар. Нысанға тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ электрмен жабдықтауға қатысты туындаған мәселеге байланысты ғимаратты жергілікті атқарушы органдардың қарамағына бермеген.
Құрылыс басқармасы жұмыстың барысын неге уақытылы қадағаламағансыздар?
Электричество деп айтылды ғой жаңа. Соның бір техникалық моменттерары қалды. Қазі трансформаторын, құрал-жабдықтарын ауыстырып, іске қосуға мүмкіндік бар жақын арада. Оның дателі бір аптада келуі керек.
«Мектеп пайдалануға берілісімен бұрынғы балабақшада соңғы 20 жылдан артық білім алып келе жатқан оқушылар жаңа ғимаратқа көшіріледі. Ал, балабақшаға бейімделген ғимаратты мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме етіп қайтадан ашамыз. Бұл аудан орталығындағы балабақша кезегінде тұрғандардың мәселесін түбегейлі шешеді», -дейді жергілікті атқамінерлер. Жауапты тұлғалар жаңа мектептегі оқу процесін оқу жылының соңғы тоқсанында бастауды жоспарлап отыр.
Медет Кәдірбеков - Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы
Қазіргі таңда құрылысы толық аяқталып, 497 бала осында көшіп, осында білім алатын болады. Бұл жерде барлық кабинеттер толық жабдықталған. Соңғы модификациялық үлгідегі жабдықтар. Сонымен қатар информатика, робототехника, бастауыш сыныптардың информатикасы кабинеті бар. Тағы басқа кабинеттермне жабдықталған. Акт залы 84 орынға, спортзалы бар талаптарға сәйкес келетін.
Аймақ басшысына жеке инвесторлар есебінен жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобалар таныстырылды. Олардың қатарында Бесқарағай ауылында 100 орындық балаларды дамыту орталығы, күнбағыс майын өндіретін зауыт, көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Белокаменка ауылында 50 орындық мектеп салу, Шошқалы көлінің туристік әлеуетін арттыру секілді жобалар бар. Облыс әкімінің жұмыс сапары шекарадағы Қоянбай ауылындағы жаңадан салынған медициналық пункте жалғасты. 400-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін медициналық пункт жұмысын бастауға әзір. Аймақ басшысы «Қоянбай» шекаралық бақылау бөлімшесінің жұмысымен де танысты. Аудан әкімі облыс басшысына Қоянбай ауылынан шекараға дейінгі 8 шақырым жолға асфальт төсеп, бақылау бөлімшесінің қызмет аясын кеңейтуді ұсынды.
Мына жердегі таможня ашылса ғана, ашылмаса жолдың қандай тиімділігі бар. Бізде елді-мекендер арасында, ауылдар арасында жол жоқ. Шегараға дейін жолды не үшін саламыз деймінде. Әрбір ұсынған кезде жобаны экономикалық тиімділігін зерттеп барып ұсыну керек қой.
Ерназар ауылындағы асыл тұқымды жылқы өсірумен шұғылданатын «Мукинов» шаруа қожалығы көптеген ғылыми жетістіктерге жетіп отыр. 2022 жылы «Бесқарағай» аталатын қазақы жылқының жаңа типін шығарған. Шойынқара және Байторы деген атауға ие болған жылқылардың ерекшелігі – кез-келген ауа райына төзімді. Бойы биік, етті әрі сүтті. Селекциялық жұмыспен Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Семейдегі Шәкәрім университетінің ғалымдары айналысқан. Жылқымен қатар, ірі қара және қой шаруашылығын қоса дамытып келе жатқан шаруашылықтың ғылыми жетістіктерін жоғары бағалаған облыс әкімі осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтті.
Қабидолла Мукинов «Мукинов» шқ басшысы
Жылқыларымыз Қазақстан бойынша сұранысқа ие. Соның ішінде оңтүстік өңірлер, Алматы, Шығыс қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және өзіміздің облысымыздың шаруалары бізден жылқы сатып алды. Біз ет бағытында да жұмыс жасаймыз.
Облыс әкімі сапар аясында барлық сұрақтар бойынша тиісті басқарма басшылары мен аудан әкіміне тың тапсырмалар жүктеп, апта сайын есеп беріп отыруды міндеттеді