Ауылдағы су басқан көше осы. Қазір айтарлықтай қауіп жоқ. Өзен табанын тереңдету немесе дамбы салу мәселесі осы жерде қозғалды. Әйтпесе, жағдай жыл сайын қайталануы бек мүмкін. Мамандар солай деп отыр. Мәселе біржақты шешілетін болады.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

Бұл жерде келген су толықытай кеткен. Мұздың кептелуіне байланысты ол жерде мәселе туындаған болатын. Ол жерде қабылданған шараларға байланысты бүгін толықтай ол мәселе шешілді деп айтуға болады. Шемонайха жақтан келе жатқан, қазір өзеннен келе жатқан мұздың сұрақтары бар. Бірақ, дегенмен алдын ала қабылданған, мына ЧС-тің азаматтары бар, жергілікті атқару органдарының қабылданған шешімдеріне байланысты ол жердегі сұрақтар да бүгін шешілді.

Облыс бойынша жағдай тұрақты. Көктемгі су тасқынына қарсы кешенді жұмыстар жүргізілгенін көріп отырмыз, деп атап өтті Ералы Лұқпанұлы.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

Енді ашығын айтқанда, көптеген алдында прогноздар бойынша 20 ауылдық мекендерге біраз қауіптер бар деген сияқты әңгімелер болған. Бірақ мұның бәрі көптеген қабылданған шаралардың арқасында, оның ішінде 32 киломтер дамбалар салынған. 7 километрдей ана әрбір өзендерді тереңдетуге байланысты шаралар қабылданған. Жағаларды нақтылауға байланысты қабылданған шараларға байланысты мынау қауіптің көптеген сейілді деп айтуға толықтай негіз бар.

Ералы Тоғжанов сапарын Шүлбі гидроэлектрстанциясында жалғастырды. Страегиялық нысанның жұмысын көрді. Су электр станциясынан босатылатын су деңгейін білді. Шүлбі су қоймасының көлемі 2 млрд. 432 миллион текше метр. Бүгінде кеп жатқан су көлемі секундына мың текше метр болады. Ертістегі су толығымен еріді, су ағысына кедергі жоқ. Өзен тасқын суды қабылдауға дайын, дейді Ертіс бассейндік инспекция басшысы.

МЕДЕТ ЖӘДІГЕРҰЛЫ - ЕРТІС БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Абай облысы ШҚО бойынша күн жылығаннан кейін таудан аққан су келіп түсуде. Павлодар облысындағы жайылмаға су жіберіледі. Бүгінгі күні комиссияның отырысы жоспарланған. Суды қанша көлемде жіберу анықталатын болады. Ең жоғары көлемі секундына 3 мың 500 текше метр су жіберіледі. Оның қанша күнге созылатыны комиссия отырысында анықталад».

Мамандар Ертістен келетін су деңгейін үнемі бақылап отыр. Әзірге өңірде ахуал қалыпты.

ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ