Тазалық - бәрімізге ортақ. Облысымызда ауқымды акция басталғанымен, кейбір жерлестеріміздің әлі де жете түсіне алмай жатқаны жасырын емес. Қазір жергілікті әкімдік пен тазалыққа жауапты органдар бірлесе рейд ұйымдастырып жүр. Бүгін кезекті мәрте рейдке шыққандар Шығыс кентіндегі бизнес субъектілері өкілдерімен жүздесті.

Қалалық әкімдік ұйымдастырған кезекті рейдке салалық бөлімдер мен полиция өкілдері қатысты. Олар Шығыс кентіндегі шағын және орта бизнес нысандарын аралап, кәсіпкерлермен тілдесті.

Еркебұлан Накипов, семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Бизнес субъектілері негізгі міндеттері өзінің аумағында, шекарасында орналасқан территорияны таза ұстау. Өзінің аумағын көгалдандыру, сыртқы келбетін архитектуралық сұрауларға байланысты ретке келтіру болып табылады.

Семейде таудай болып үйілген қоқыс көп. Бұл жер де аяқ алып жүргісіз. Рейд барысында қалалық кәсіпкерлік бөлімі бизнесмендермен күн сайын кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, полиция заң бұзушылықтарды анықтап, кінәлілерге айыппұл арқалатуда.

ДАСТАН БУЛАНОВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПБ ЖПҚ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы сенбілік басталғаннан бастап 2795 хаттама толтырылып, 24 млн теңгеге айыппұл салынды. Қазіргі таңда 12 млн теңге төленді. Айыппұл мөлшері 20 МРП дейін, ал субъектілер дейміз ғой мекемелерге 30 МРП-дан 100 МРП-ға дейін

Семейде мыңға жуық дүкен, 3 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлер бар. Одан бөлек 100-ге тарта ірі кәсіп иелері жұмыс жасайды. Өткен аптада кәсіпкерлік бөлімі сол жағалаудағы Әуезов көшесі бойындағы бизнес нысандарын аралап, олардағы тазалық жайымен танысқан болатын. Жалпы кәсіпкерлердің дені – қаламыздағы тазалық жұмыстарына атсалысуға оң ниет танытып отыр.

Дамир Төлеутаев, кәсіпкер

Өзіміздің территориямызда жинап тазалаймыз. Мына жерге енді төккен заттардың бәрін біз тоқтата алмаймыз. Бұл жерге бәріміз бірігіп нетпесек болмайды. Өйткені, бұл жердің проблемасы 1 жыл емес, бірнеше жылдың проблемасы болып жатыр. Бұл жақта түнде келіп төгіп кетеді елдер лақтырып кетеді. Енді бұл тазалықты қарауымыз керек. Бәріміз бірігіп істесек жоямыз деп ойлаймыз.

Бүгінгі рейд барысында өз кәсіпорындарының маңайы тазаланбағандарға алғашқы ескертулер берілді. Көпшілігі өздерінің азаматтық борыштарының өтелмей жатқандығын мойындайды. Олқылықтың орнын толтыру үшін уақыт беруін сұрады. Егер келісілген мерзімде уәде орындалмаса әкімшілік кодекске байланысты айыппұл салынады.

Ермек Исабаев, Елжан Мағзұмов

«Семей» телеарнасы