Аягөзде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, түрлі деңгейдегі мекеме өкілдері, жастар мен аға буын қатысты.
Тазалық мәдениеті – әрбір тұрғынның өзінен басталады. Осыны түсінген аягөздіктер жаппай тазалық жұмысына атсалысты. Ортақ іске жұмылған жұрт көшелерді, демалыс орындарын, саябақтарды тазартты. Аудан орталығының тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мәміледе еңбек етуде. Ел Битантаудың етегін анау басына дейінгі мына қоғамдық кеңістікті тазартып жатыр.
АСҚАР ЕРЛАНОВ – АЯГӨЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазіргі уақытта қаламыздың көшелері, саябақтары және аулалары қарқынды түрде тазалануда. Бүгінгі күні осы Қабанбай аллеясында, қаламыздың шыға берісіне қарай сенбіліктер өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін 1 500 тонна күл-қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта да жұмыстар атқарылуда. Полигонға шығарылады. Бүгінгі күнге дейін 12 техника жұмырылуда. Соның ішінде 10 жүк тиегіш және камаздар жұмырылуда.
Бұл жолғы сенбілікке 51 түрлі деңгейдегі мекемелер мен ұйымдардан мыңнан астам адам қатысты. Жиналғандар санитарлық тазалыққа ғана мән берген жоқ, айналаға, қоршаған ортаға да ұқыпты қарауға да ерекше назар аударды.
АҚДАНА ТӨЛЕУБЕКОВА - АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Акцияның негізгі мақсаты - тек қана сенбілік емес, яғни әр жерді таза ұстау, ауламызды, көшелерімізді, тұрғындардың өздері өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізуде, саябақтарды тазалау, қалыпқа келтіру жұмыстары. Өзіміздің Аягөз ауданының тұрғындарын сенбілікке белсенді қатысып, өз ауламызды өз жерімізді таза ұстауға шақырғым келеді».
Ардагерлер жағы да сенбіліктен қалыс қалған жоқ. Үлкендер де қолдарына тырма, күрек алып көппен қатарласа, иық тіресе еңбек етті. Аға буын ардагерлер саябағында сенбілік ұйымдастырды.
БЕКБОЛАТ АХМЕТОВ – АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жастарға ардагерлер егерде үлгі болса, қаланың қалай таза ұстау керектігін айтатын болса, келешекте бұл қаламыз да таза болады. Осы мақсатта бүгін сенбілікке шығып, ардагерлердің саябағын тазалап отырмыз.
Тазалық жұмысына тоқсанға таяған тыл және еңбек ардагері Пітәт Ахметжанов ақсақал қатысты. Жасына қарамастан ақсақал көпке үлгі, жастарға өнеге болып жүр.
ПІТӘТ АХМЕТЖАНОВ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
Ардагерлер саябағына келіп, жастарға үлгі болсын деп, келешеккке жастарға тәрбие беру жөнінде 88-жасқа келсем де, майдың 7-күні 89-ға аяқ басамын соған қарамай осыған қатысып отырмын. Ол ұрпаққа, келешек жастарға үлгі, тәрбие.
Қазір Аягөздің 42 мыңнан астам тұрғыны бар. Туған жерінің тазалығына бей-жай қарай алмайтын аягөздіктер кезекті сенбілікті де береке – бірлікте өткізді. «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде тазалық жұмыстары мұнда жалғаса бермек.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ