Ұстаздар үлгі. Семейде «Талантты ардагер – талапты жас ұстаз» атты фестивальдің облыстық кезеңі өтті. Оған облысымыздың барлық аудандарынан ардагер және жас мұғалімдер қатысты. Биылғы байқау Хәкім Абайдың 180, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Ауқымды мәдени-патриоттық іс-шараның бастамашысы - облыстық ардагерлер кеңесі мен білім басқармасы. Фестивальға бір қала мен тоғыз ауданнан қатысқан 100-ге жуық үміткердің 30% — ы жас мамандар. Облыстық білім беру саласы ардагерлері кеңесінің төрайымы Мәдениет Ахметова байқаудың екінші рет өткізіліп отырғандығын және бұл ұрпақтар арасындағы рухани және кәсіби өзара байланыс үшін маңызды алаңға айналғанын айтты.

МӘДЕНИЕТ АХМЕТОВА – АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бұл фестивальға жас ұстаздармен ардагер ұстаздар қатысады, фестивальдің аты Талантты ардагер – талапты жас ұстаз. Негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы, ардагерлер қай жерде болса да үлгі өнеге көрсету керек, сондықтан мынау өнер сайысында да, жастарға, артымыздан келе жатқан ұрпаққа, үлгі болсын деп, біз қазақтың салт-дәстүрін Абай әндерін дәріптеп, жастарды рухани тәрбиелейміз, патриоттық сезімдерін тәрбиелейміз.

Байқаудың бірінші кезеңі онлайн өтті. Екінші және үшінші кезеңде сайыскерлер сахнада өз шеберліктерін көрсетуі тиіс. Олардың қатарында өткен жылдың лауреаты Жанат Сембаева да бар.

ЖАНАТ СЕМБАЕВА – ҚАТЫСУШЫ
Бұл фестивальдің маңызы өте зор, талантты ардагерлермен талапты жас ұстаздардың үлгі болып жастарға, талантты ардагерлер әрқашан алда болу керек, өздерінің бойындағы барлық жақсы қасиеттерді, білімдерін, өнегесін көрсету керек.
Фестивальде патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударылды. Бесқарағайлық Гүлжан Бейсенбаева бұл жай ғана байқау емес — батырларға құрмет көрсету мен жастардың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру екендігін атап өтті.

ГҮЛЖАН БЕЙСЕНБАЕВА – ҚАТЫСУШЫ

Әрине бұл байқаудың жас, өскелен ұрпаққа тәрбиесі өте зор. Ұлы отан соғысындағы қаза болған ата-апаларымыздың рухына тағзым еті, өскелен ұрпақты патриоттыққа отан сүйгіштікке тәрбиелеу деп білемін. Осы фестивальда біз әріптесім екеуміз Катюша әнін орындаймыз.

Ардагерлер ұйымы жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Ұлттық құндылықтарды сіңіріп, патриоттық қасиеттерге баулиды.

МҰРАТҚАЗЫ АЛИН – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Ардагерлер ұйымы, қазір тек қана өндірмен ғана шектеліп қалмауы керек деген бағытты ұстап отырмыз. Біздің мақсатымыз, кейінгі ұрпаққа, орта буынға, одан кейінгі ұрпаққа отан сүйгіштікке, мемлекетшілдікке, сондай-ақ отанды қорғауға, сондай-ақ өнерге жастарды, кейінгі ұрпақты ұлттық құндылыққа тәрбиелеу біздің басты міндетіміз деп білемін. Мына бүгінгі өтіп жатқан фестивальда соның айқын жақсы көрінісі деп білемін.

Фестиваль жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Дәстүрлі іс-шара педагогтердің жаңа буынын шабыттандыра түсті.