Қала белсенділері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды. Семейліктер Сеченов көшесіндегі сенбілікке жиналды. 100-ге жуық тұрғын аумақты қоқыстан жабылып тазартты. Сенбілік «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өтті. Іс-шараға облыстық Достық үйінің қызметкерлері, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға ынта білдірген студенттер мен еріктілер барын салды. Тазалық барысында аумақтар қоқыстан арылды. Жасыл аймақтар абаттандырылды. Тазалық науқанына жастармен бірге аға буын өкілдері де қатысып, өңір тазалығына үлес қосты. Жастардың өз қаласына қамқорлық жасауы қуантады, дейді олар.

Тұрғындардың экологиялық мәдениеті дамымай қала қоқыстан көз ашпайды. Әр адам айналасын жинастырып, қоқысты қалдырмаса ол қайдан келеді. Шашылған қалдықтар мәдениет деңгейінің көрсеткіші. Сенбілік нәтижесінде 200 қап қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастардың сенбіліктерге қатысуы ел болашағы үшін жауапкершіліктің жарқын мысалы.