Жеңістің 80 жылдығына орай өңіріміздің бір топ белсенді азаматтары,соғыс ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Күнсләм Мұсажановты «Халық қаһарманы» атағына ұсынды. Күнсләм Мұсажанов шаруашылығы тұралап қалған , табиғаты қатал өңірдегі, экономикасы нашар кеңшарға директор болып келіп, елдің әлеуетін көтеріп,қазақтың ақбас сиырының жаңа тұқымын қалыптастыруға ықпал еткен зоотехник, ғалым.

Майдангер соғыстан кейінгі кезеңдегі қиындықтарды еңсеруге барын салады. Әрдайым сапалы дүние жасауға деген қызығушылығы ет бағытындағы малды өсірудің технологиясын зерттеуге итермелейді. Мақсат жергілікті табиғат жағдайында ықтырма мен қысқы жайылымды ұтымды пайдаланып мал тұқымын асылдандыру болады. Оның ізденісінің арқасында шаруашылықта салмағын1430 келі , яғни рекорд көрсеткішке жеткен ақбас тұқымын өсіріп шығарады. Бұл жаңалық 1981 жылы Москвадағы Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінде рекорд ретінде тіркелген болатын.


ҚАЗИНА ДУКУМБАЕВА – «СКОТОВОД» СОВХОЗЫНЫҢ ЗООТЕХНИК – СЕЛЕКЦИОНЕРІ, БАС ЗООТЕХНИГІ (1976-1986 ЖЖ)
2009 ж Жарық ауылында үлкен обл. Семинар өтті асыл тұқымды малды жетілдіріу туралы. Соған келіп Алматы зоовет институтының профессоры Ағыбай Исмагулов келіп қатысқанда сол кісі айтты «рекорд Бруска не побит» деп. Әлі күнге дейін 2009 жылға дейін міне неше жыл бойы 1 430 киллограмдық мал болып көрмеген деп. Күнсләм Мұсажанов табысының өзіндік сыры бар еді. Ол мал өсіруді ғылымға сүйеніп ұйымдастыруға негіздеген. Ғалым-зоотехник басқарған шаруашылық 1966 жылы «асыл тұқымды» мәртебесіне қол жеткізді.


ЗЕЙНОЛЛА ТОҚАЕВ – ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Ғылыми негізде өндірісті ұстады. Менің түсінгім бойынша, әйтепесе мұндай жетістікке жетпеуші еді. Ғылыми зерттеу үйірмелеріне қатысқан. Осының бәрін көрсете келіп, кейін сол бағытта жұмысты дұрыс қоя білген.
Мүйізді ірі қарада қазақтың ақбас сиырларының тұқымынан тұратын табынның 80% таза қанды, қызғылт түсті ақбас, ақжал, осы тұқымға тән түлік қалыптастыра алды. Мұндай өнім шаруашылық бюджетiне мол қаржы құятыны өз алдына, сонымен қатар талай адам жұмыспен қамтып, қыруар табыс әкелді.


СЕРГЕЙ КНЯЗЕВ – АЛТАЙ ӨЛКЕСІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ «АЛТАЙПЛЕМСОЮЗ» ЖӘНЕ «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЕҢЕС БЕРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сондай-ақ, КСРО халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде "Дубняк" бұқасының желісі бойынша "Бруска" бұқасының бұтағы алынғанын атап өткен жөн. Етті мал шаруашылығындағы даму көрсеткіштері бойынша әлемдік көшбасшы. Атап айтқанда, 205 күндік малдың келісі 280 келінішығарды. Бүгінгі күні көптеген адамдарға мұндай көрсеткіштер арман. "Міне, осы тұқымның негізін қалаған адамдар, мал шаруашылығы тарихында сөзсіз алтын әріптермен жазылған. Бұл біздің ортақ игілігіміз, Қазақстанда ғана емес, бұл Ресей Федерациясының тарихында мәңгі қалады.


Нарықтық экономика жағдайында мал шаруашылығы саласында сапалы өнім өндіру бүгінде өзекті. Брусокттың 1400кг тарттып рекордттық көрсеткішке ие жарты ғасырдан, оның қызы «Панидың» 1056 кг ,ұлы «Идеалдың » 1280 кг болганына 40 жылдан асты .Бір айтарлығы, әзірге табиғаты қатал, жартылай шөлейтті жерде ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Күнсләм Мұсажанов ұжымен бірлесе жасаған рекордты әлі ешкім қайталаған жоқ


НҰРЛЫБЕК ЕСПОЛОВ – «РЕСПУБЛИКА АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ЖАРМА АУДАНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мұсажанов Күнсләм ағамыз аты аңызға айналған тұлға. Ол кісі еңбегімен ауданымызға танымал. Ауданымыздағы артта қалған кеңшарды алдыңғы қатарлы рентабільді қылып, алдыға шығарды. Сонымен бірге мәдениет үйінде оркестр ұйымдастырды. Ол оркестірдің жетістігі де бар. Кезінде Москвада бірнеше рет болды. ВДНХ чемпион болды. Міне осылай ағамыздың еңбектерін бағалай келіп, біз ауданның ардагерлер кеңесі ағамызды «Халық қаһарманы» атағына ұсынып отырмыз.


Күнсләм Мұсажанов 17 жасында өзі сұранып қан майданға аттанған. Жеңісті жақындатуға үлес қосқан батыр соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіруге ат салысты. Оның соғыстан кейін еңсесі түскен елдің әлеуетін көтеруге , соның ішінде мал шаруашылығына сіңірген еңбегі бір төбе. Белсенді топ Күнсләм Мұсажановтың елге сіңірген еңбегіне құрмет ретінде «Халық қаһарманы» атағына ұсынып отыр.