Семейде самбо күресінен Қабанбай батырдың мемориалына арналған Қазақстан Республикасының кубогын сарапқа салған жарыс басталды. Дәстүрлі  турнир осымен 17-ші рет ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен келген 10 команданың құрамында 200-ге жуық спортшы қатысуда. Сайыста 18 жастан асқан палуандар бақ сынаспақ. Жарыста ер адамдар мен қыздар 9 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтайды. Жеке белдесулерден кейін, екінші күні командалар арасында сайыстар өтеді. Айта кету керек, жерлестеріміз жылда жеңімпаз атанып жүр. Кубокты былтыр ғана Маңғыстау облысының командасы иеленген болатын.