9 мамыр – Жеңіс күніне орай Новобаженово ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Бұл ескерткіш – соғыстан кейінгі жылдары қайтыс болған жерлес ардагерлерге кейінгі ұрпағының мәңгілік алғысы іспеттес.
Отан үшін от кешкендерді бір минуттық үнсіздікпен еске алған ауыл тұрғындары жауынгер аталарын ұмытпайды. Жеңіс күніне арналған шарада ескерткіш ашылды. Онда осы ауылдан шыққан 52 адамның есімі қашалып жазылған.
БЕКБОЛАТ СЕМБАЕВ – НОВОБАЖЕНОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Осыдан 5 жыл бұрынғы Жеңістің 75 жылдығында майдан даласынан аман-есен оралып, алайда бүгінгі күнді көре алмай кеткен майдангерлердің есімін есте қалдыру мақсатында бір іс жасасам деген ой келді. Менің әкем, әкемнің ағасы, басқа да жерлестеріміз аман-есен келіп, еңбек етті. Бірақ бүгінде ортамызда олар да жоқ. Ал, жалпы бізде соғыстан оралмаған 227 адамның аты жазылған ескерткіш бар.
Соғыста хабарсыз кеткендер жайлы мәлімет табу қиындау. Әлі 27 адамның есімі тас бетіне түспеген. Олар жайлы іздеу жұмыстары Германия, Ресей жерлерінде жүргізілгенімен, нәтиже болмай тұр. Алайда, бұл жұмыс болашақта да жалғасады. Ал, 1968 жылы ашылған ескерткіштің авторлары соғыс ардагерлерінің өзі болған. Енді міне олардың ізгі істерін ұрпақтары жалғастырып, сол әкелерінің есімдерімен тізім қатарын толықтырып отыр.
ЖОЛДАСБЕК ЖАЛБАҒАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Әкем –оралды Бұл – тілейміз
Ескерткіштің ашылуына ауыл тұрғындары мен аудан әкімдігінің өкілдері қатысты. Олар бейбіт өмір сыйлаған батырларды еске алатын күні жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Қазақстандықтар бүкіл Кеңес халқы сияқты осы соғыста батылдық пен ерлік көрсетті. 504 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды. Олардың қатарында жерлесіміз – Айткеш Абайұлы Ибраев та бар.
Жеңіс саябағына жиналған ауылдықтар өздерінің батыр аталарының суреттерін ала келіп, Жеңіс әндерін шырқады.
Ермек Исабаев