«Заң және тәртіп» қағидатының аясында Абай облысының прокуратурасы, облыс әкімдігі және Alikhan Bokeikhan University-мен бірлесіп ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Ол жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.


Елімізде 2025 – 2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді. Облыс прокуроры Ерлан Абаев, облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов және "Alikhan Bokeikhan University" вице-президенті Жанна Құрманбаева Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандум құқықтық мәдениет, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтарға теріс көзқарасты қалыптастыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.


МЕЙІРЖАН ҚАЛИАСҚАРОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ 3-ШІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Бұл меморандум мемлекет басшысының Заң және құқықтық тәртіп принципін насихаттау мақсатында қол қойылды. Өздеріңіз білесіздер әр түрлі оқиғалар болып жатады бізде. Мектеп оқушылар арасында төбелес, мектеп оқушылар арасында құқық бұзушылық, басқа да оқиғалардың алдын алу мақсатында осындай іс-шараны прокуратура қолға алып бүгінде бастамашылық танытуда. 00:44 ++++ 01:15 Бұл шараның басқа өңірлерден айырмашылығы бұл бізде бір күндік акция емес бұл көп күндік, немесе бір жылға созылатын акция болып табылады


Құқықтық түсіндіру жұмыстарына "Alikhan Bokeikhan University" заң факультетінің студенттері тартылатын болады. Олар мектептерде және орта арнайы оқу орындарында есірткі қылмыстарына, алаяқтыққа, буллингке және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу және олардың салдары туралы дәріс оқиды. Әр студентке прокуратураның тәжірибелі қызметкері бекітіледі.


СЕРИК СӘБИТОВ ABU ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Қазір студенттер болашақ заңгер болсын , қазір олар мысалы заңды түсіндіріп , заңның қандай талаптарын қою, заңды бұзбау, заңның бұзғанға дейін апаратын балаларға жеткізетін 3-4 курстың студенттері өздеріне біз міндет жүктеп отырмыз. Болашақта олар заңгер болу үшін олар тек қана өздерінің тәртібімен ғана емес, елге түсіндіру керек


Айта кету керек, бұл жоба көпшілік алдында сөйлеу және шешендік шеберлік тәжірибесін қалыптастыруға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олардың болашақ мамандықтарын заңгерлікпен байланыстыруға ықпал етпек.