Аягөз ауданының Мамырсу ауылында 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен XVII ашық республикалық турнир аяқталды. Жарыс Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Қайрат Оспановты еске алуға арналды.
Республикалық турнир бұғанасы енді бекіп келе жатқан бозбалалардың басын қосты. Бозкілемге енді аяқ басқан жеткіншектерді жинаған жарыс Ауған соғысының ардагері Қайрат Оспановты еске алуға арналды. Жарыс жолына еліміздің ғана емес, Қырғызстан мен Ресейден келген 200-ден астам балғын балуан бақ сынады. Олар 10 салмақта сынға түсті.
ҚАНАТ ОСПАНОВ - АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Бүгінгі турнирдің маңызын айта кетсек, бұл дегеніміз, осы жасөспірімдерді патриоттық сезіммен, еліне деген сүйспеншілігін ояту үшін ұйымдастырылған. Өйткені, бұл Ауған соғысының ардагері, ауған соғысында қаза тапқан ағамыздың, Қайрат Рысбекұлы Оспановты, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері болғандықтан соған арнайы жасалып, сондай мақсатпен оятып халықты. 2008-жылы басталған турнирдің бүгінгі деңгейі, республикалық, ашық турнирға жеттік
Бас төреші Ерназ Тельжанұлы турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Расында, балғындар додасы республикалық мәртебесіне қарамастан, халықаралық деңгейге көтерілген. Дәлелі - көрші елдерден келген балуандар.
ЕРНАЗ ТЕЛЬЖАНҰЛЫ – БАС ТӨРЕШІ Жарыс жоғары деңгейде өтуде. Бұл жарыс республикалық деңгейде өтіп жатқан жарыстардың бірі. Үлкен жарыс, бірнеше жылдар бойы өткізіліп жатқан жарыс. Сондықтан, Қазақстанның барлық өңірлерінен палуандар келіп күресуде. Дайындықтары мықты.
Жарысқа қатысушылардың дені елішілік, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Олар бір жағы бақ сынап, бір жағы тәжірибе жинап, бозкілемде шеберліктерін шыңдауда.
ӘКЕЖАН ШОРАНОВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Мен грек-рим күресіне қатысып жүргеніме 8-9 жылдай болып қалды. Көп халықаралық турнирларда жүлдегер болдым, республиканский турнирларда жеңімпаз болдым, жүлдегер болдым. Абай облысының чемпионатынан бірінші орын алдым. Маған грек-рим күресі қатты ұнайды. Басқа спортқа барғым келмейді.
ӘРІП ТЕМІРБЕК – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Грек-рим күресіне қатысып жүргеніме 5-6 жылдай болып қалды. Грек-рим күресіне үйдегілер алып келген. Бұрыннан бері өзім қызыққанмын. Абай облысының чемпионымын, республиканский турнирлардың чемпионымын.
32 келі салмақта Қырғызстаннан келген Рахманшах Арзыбеков, 35 келіде Әділет Медербеков жеңістің биік тұғырынан көрінді. 62 келіде Мамырсу ауылының үміті Әкежан Шоранов қарсылас шақ келтірмеді. Ал командалық есепте бірінші орынды Алматы, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы, үшінші орынды Қырғызстан құрамасы иеленді.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ