«Студенттік көктем – 2025» байқауы мәресіне жетті. Сайыс жастардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыруға арналды. Биыл жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан фестивальге қаладағы үздік колледждер қатысты.
Қаламызда 1 апта бойы жалғасқан «Студенттік көктем – 2025» байқауы өз мәресіне жетті. 7 турдан тұрған шара жастардың шығармашылығын дамытуға, спорттық және зияткерлік қабілеттерін шыңдауға бағытталған.
АЙДОС ТӨЛЕУХАНОВ – «АБАЙ ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бір апта көлемінде 7 турдан тұратын үлкен байқау өтті. Бұл байқаудың ерекшелігі жылда дәстүрге айналды. Биылғы жылы жұмысшы мамандықтар жылына сәйкес тек қана техникалық мекемелер, яғни колледждер арасында ғана өткіздік. Жоғары оқу орындары қатыспады. Соның өзінде біздің өңірде 30-дан аса колледж болса, соның ішіндегі үздік 5 колледж қатысты.
Соңғы қорытынды күні жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған креативті алаң кезеңі өтті. Креативті алаң – бұл жастардың шығармашылық идеяларын жүзеге асырып, өз өнерлерін көрсетуге ерекше мүмкіндік! Әр колледж мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау және жұмысшы мамандықтарын меңгеруге шақырды.
АЯНА МАҚСАТОВА - М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Біз яғни соңғы кезең осы профориентация ретінде өтеді. Біз яғни өзіміздің колледжімізге мектеп оқушыларын шақыру үшін, барлық осы жеткен жетістіктерімізді көрсете аламыз.
АРАЙЛЫМ ИСАБЕКОВА – ГЕОДЕЗИЯ КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Енді бүгінгі соңғы креативті алаң деген кезеңіне қатысуға келдік, барша өзіміздің өнерімізді, өзіміздің барлық білгенімізді салып жатырмыз. Қазір енді мамандықтың қыр-сырын түсіндіретін боламыз.
ЕДІГЕ БІРЖАНҰЛЫ - ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАСТАР ІСІ КОМИТЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ТӨРАҒАСЫ
Басты мақсат студенттік көктемнің бұл бізде жастардың қызығушылығын арттыру және өз уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады. Енді біз геологиялық барлау колледжі бұл жерде өзіміздің мамандықтарымызды таныстыру мақсатында, яғни өзіміздің жәрмеңкелерімізді алып келген болатынбыз.
«Студенттік көктем – 2025!» байқауының ең жарқын, ең әсерлі сәті – Гала концерт! Онда фестиваль шеңберінде өткізілген шығармашылық байқаулардың үздік қатысушылары сахнаға шығып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА