Абай облысына Қазақстан кәсіподақтар Федерациясының делегациясы келді. Олар еліміздің кәсіподақ қозғалысының 120, Федерацияның 35 жылдығы және жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған "Кәсіподақ десанты" акциясы аясында облыстық кәсіподақ активімен кездесті.

Кездесуде кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттары айтылды. Бүгінгі таңда Абай облысының Кәсіподақ орталығы 60 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерін қамтитын 9 салалық, 8 жергілікті және 801 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді. Талқылау барысында жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен бастамаларды іске асырудағы кәсіподақтардың рөліне ерекше назар аударылды.


НҰРЛАН ӨТЕШЕВ ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз ең бірінші кезекте әлеуметтік әріптестермен ең өзекті мәселелерді талқылаймыз. Әлеуметтік әріптестік деген ол билікпен жұмыс беруші. Оларды тартып, бірігіп ең өзекті мәселелердің шешу жолдарын іздеп жатамыз. Біз байқағанымыз жұмысшылардың, қызметкерлерінің арасында сауаттылық жұмыстары жетпей тұр. Сол себептен ең біріншіден өз құқытарын қорғау үшін оларды білу керек. Сол себепті осы шараны өткізіп жатырмыз.


Кездесу барысында барлық санаттағы қызметкерлерге ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 25% төлемақы және барлық санаттағы қызметкерлерге лауазымдық жалақы мөлшерінде еңбек демалысына берілетін сауықтыру жәрдемақысын төлеу бойынша мәселелер де қозғалды. Сондай-ақ облыс кәсіпорындарының бірқатар қызметкерлері ҚР Кәсіподақтар федерациясының "Еңбек озаты" медалімен, Құрмет грамотасымен және Абай облысының Кәсіподақ орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.


НҰРЛАН БАТИЯРОВ АЙНАЛМАЛЫ ПЕШ ОПЕРАТОРЫ
Жұмыс бабымды 2006 ж Семей Цем зауытында айналмалы пештердің машинисінің көмекшісі ретінде бастаған болатынмын. Ол кезде 23 жаста болдым. Қазір 41 жасқа келіп үлкен жетістіктерге жеттік. Уақыт өте жұмысымды жетілдіре отырып, маманнан шебер болып 4 разрядтан көтеріліп. Жан жақты білімнің арқасында талпыныстың арқасында 6 разрядты үздік машинистер қатарына ие болдық


ЖҰМАБАЙ РҮСТЕМОВ ЭЛЕКТРИК-САНТЕХНИК
Биыл жұмысшылар жылымен барлық Қазақстан еңбекшілерін құттықтай отырып өзіміздің еңбегімізді бағалап, осындай дәрежеге жетіп, марапаттап жатқан ҚР Кәсіподақтар федерациясына және Абай облысының Кәсіподақтар ұйымына шексіз алғысымызды айтамыз.


Еңбекті қорғау саласындағы жағдай жүйелі жұмысты және әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарын тарта отырып, кәсіподақтар назарында қала бермек.


ЕРМЕК ИСАБАЕВ