Семей теміржол вокзалы талапқа сай болады. Қосымша ғимарат салынады, шойын жолдарға өтуге арналған өткел салып, эскалатор, жедел саты жасалады. Бүгін осындай жобаны мердігер компания аймақ басшысына таныстырды. Абай облысында 10 теміржол вокзалы жөнделеді. Жолаушы жайлылығы үшін қажетті жағдай жасалмақ. Ең ауқымды жұмыс Семейдің темір жол вокзалында жоспарланған. Мердігер компания облыс әкімі Берік Уәлиге жобаны таныстырды. Вокзалдың сырты, теміржолдың үстінен өтетін 260 метрлік көпір жаңартылып, вокзал аумағында қосымша ғимарат салынады. Жолаушылардың екінші, үшінші жолдарға өтуі үшін жаңа өткел салынып, эскалаторлар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифттер орнатылатын болады. Ғимараттың ішкі кеңістіктері де заманауи үлгіде қайта жасалады. Ал аудандардағы вокзалдарға күрделі жөндеу жоспарлан,аған, тек сырттары қапталып, ішкі жөндеу жүргізіледі. Вокзалдардағы жөндеу жұмыстары мамыр айында басталып, жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда. Облыс әкімі жұмыс сапасын қатаң тапсырып, теміржолдың жағдайымен танысты.