Қара сөздің дарабозы, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділовтің туғанына биыл - 90 жыл. Тағдырлы тұлғаның мәңгілік тыныс тапқан мекені Үржар ауданында «Дәуірдің дарабоз жазушысы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми жиында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің ұлт тарихын, қазақтың тағдырын, азаттық рухын көркем сөзбен өрнектеген өзгеше тұстары сөз болды