«Әскерге бару міндетім». 19 жасар Әлем Ғалымов Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ол Астанадағы жоғары оқу орнында білім алып жүргендіктен, оқу кезінде әскерден босатылады. Бірақ жасы жеткен соң оқуына үзіліс жариялап, өз еркімен азаматтық парызын атқаруға шешім қабылдаған.