Абай атындағы кітапханада журналист, балалар жазушысы, әріптесіміз Айбек Қосанның «Алтыннан да қымбат достық» атты балалар кітабының тұсаукесері өтті. Сиясы кеппеген шығарма бұған дейін Италияның Болонья қаласындағы балалар әдебиеті жәрмеңкесінде таныстырылып, сала мамандарының жоғары бағасына ие болған.