Семейде тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты және көру мүмкіндігі төмен ересектер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Елдің түкпір-түкпірінен келген спортшылар ұлттық ойынның үздігін анықтап қана қоймай, Румынияда өтетін әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынауда. Зияткерлік дода жайлы тілшіміз жалғастырсын.