Елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында көптеген жобалар жүзеге асуда. Соның бірі - құқық қорғау саласына арналған жаңа білім беру алаңы «Болашақ прокурор кеңістігі». Жоба - жастарды құқық қорғау органдарында қызмет етуге баулып, әділдікті насихаттауға бағытталған. Прокуратура кабинеті Әлихан Бөкейхан университетінде ашылды.